«Келешек мектептері» оқушылары арасында футзалдан республикалық турнир жеңімпаздары марапатталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында «Келешек мектептерінің» 7-8-сынып оқушылары арасында футзалдан республикалық турнир өз мәресіне жетті. Бұл сайыс биылғы Ұлттық мектеп лигасының ресми ашылу салтанатымен тұспа-тұс келіп, ауқымды спорт мерекесіне ұласты. Жүлдегерлерді марапаттау шарасына ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қатысып, жас спортшыларға сәттілік тіледі. Шараға сонымен қатар Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров қатысты.

«Келешек мектептері жобасы – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылған бірегей ұлттық жоба. Мемлекет басшысы сіздерге үлкен сенім артады. Бүгінгі жеңімпаз командаларды шын жүректен жеңістерімен құттықтаймын. Бұл бастама еліміздің әр өңірінен келген оқушыларды біріктіріп, достықты нығайтуға, командалық рухты дамытуға және спортты насихаттауға мүмкіндік берді», – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Турнирдің негізгі мақсаты -мектеп оқушылары арасындағы спортты жаңа деңгейге көтеру, өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын дәріптеу және оқушылар үшін заманауи әрі қолжетімді спорттық инфрақұрылым қалыптастыру.Үш күнге созылған бәсекеге еліміздің әр өңірінен келген 20 команда қатысты. Әр матч «Келешек мектептерінің» оқушылары үшін қызықты сәттерге толы болды.

Турнир қорытындысы бойынша Астана құрамасы жеңімпаз атанса, Қызылорда «Келешек мектебінен» құралған команда екінші орынды иеленді және Түркістан командасы үздік үштікті түйіндеді.Сондай-ақ оқушылар «Үздік қақпашы», «Үздік шабуылшы», «Үздік сұрмерген» номинациялары бойынша да марапатқа ие болды. Сайыста шәкірттерін спортқа баулыған жаттықтырушылардың да еңбегі еленді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/1203343?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді