КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ КОЛЛЕДЖДЕ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кентау жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мерекесіне арналған шара өтті.

Мерекелік шараға Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов пен қалалық мәслихат төрағасы Қаблан Елеусізов қатысып, жиналған қауымды мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, колледж ұжымының жетістіктері аталып, үздіктерге алғыс хаттар табысталды.

Думанды кеш барысында ұлттық өнер дәріптеліп, қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйланды. Шара соңында салт-дәстүрлер насихатталып, ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Мерекелік дастархан жайылып, көпшілікке ұлттық тағамдар ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1202879?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді