Комитет төрағасының орынбасары азаматтарды жеке қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы облысына жұмыс сапары аясында Комитет төрағасының орынбасары Марал Рахимжанова азаматтарды жеке қабылдады. Кездесу барысында санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына байланысты өзекті мәселелер қаралды.

Ерекше назар санитариялық қағидалар мен нормалардың (СанПиН) сақталуына, соның ішінде мектепке дейінгі ұйымдарда тамақтандыруды ұйымдастыруға аударылды.

Өзін-өзі реттейтін ұйым өкілдері бейімделген ғимараттарда орналасқан балабақшалардағы үй-жайлардың құрамы мен алаңына қойылатын талаптарды заңнамалық реттеу мәселелерін, сондай-ақ ас блогының санитариялық жағдайын көтерді.

Қабылдау қорытындысы бойынша төраға орынбасары көтерілген мәселелерді шешу үшін жауапты құрылымдарға түсіндірмелер мен ұсынымдар берді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/1203069?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді