«Менің отбасым – менің байлығым»: Қаратай мектебінің отбасы жүлделі ІІ орын иегері

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында «Family Day» облыстық жобасы шеңберінде «Менің отбасым – менің байлығым» атты облыстық байқау өтті. Байқау отбасылық құндылықтарды нығайтуға, ұлттық дәстүрлерді сақтауға және бірлескен шығармашылықты дамытуға бағытталды.

Байқауға балалар мен ата-аналардан құралған отбасылық командалар қатысты. Қаратай жалпы орта білім беру мектебінен бір отбасы облыстық кезеңге жолдама алып, сайысқа белсенді қатысты.

Облыстық кезең барысында қатысушылар бірнеше тапсырманы орындады:
🔹 «Отбасының визиттік карточкасы» – отбасының дәстүрлері, құндылықтары мен қызығушылықтарын шығармашылық түрде таныстыру;
🔹 «Отбасылық құндылықтар» шығармашылық тапсырмасы – отбасының бала өміріндегі рөлін сахналық көрініс, мини-спектакль, ән, би, авторлық мәтін немесе бейнеролик арқылы көрсету;
🔹 «Біз – бір командамыз» зияткерлік тапсырмасы – отбасы тарихы, дәстүрлері мен мәдени мұрасы бойынша сұрақтарға жауап беру.

Байқау қорытындысы бойынша Құнанбай отбасы, Ораз Абай жүлделі ІІ орынға ие болды.

Қатысушыларды дайындаған жетекші — Джапарова Қ.Е.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Отбасыларыңызға береке, бірлік және жаңа жетістіктер тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uspen-bilim/press/news/details/1203197?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді