Оқушыларға есірткінің зияны мен құқықтық жауапкершілік түсіндірілді: профилактикалық кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Боранқұл КПБ ҚҚБ ЮПТ КТІЖ УПИ, полиция аға лейтенанты Нұрбаулиев Рамазан Тұрғалиұлының қатысуымен есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу мақсатында оқушылармен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында оқушыларға есірткі заттарының зияны, оның адам денсаулығы мен болашағына тигізетін кері әсері туралы бейнеролик көрсетіліп, жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар есірткі құралдарын қолдану мен таратудың заң алдындағы жауапкершілігі түсіндіріліп, құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары кеңінен талқыланды.

Іс-шара барысында полиция аға лейтенанты Нұрбаулиев Рамазан Тұрғалиұлы оқушыларға салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын атап өтіп, зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырды. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толық әрі нақты жауап беріліп, өзара пікір алмасу жүргізілді.

Мұндай кездесулердің негізгі мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру және олардың қауіпсіз, саналы өмір салтын таңдауына ықпал ету.

https://www.instagram.com/reel/DXO0ex2DGoI/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1203473?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді