Қарағанды облысында уылдырық шашу кезеңінде браконьерлер ұсталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Қарағанды облысында “Уылдырық шашу” табиғатты қорғау акциясы аясында су айдындарында бақылау күшейтілді. Табиғат қорғау полициясының қызметкерлері балық қорын сақтау және уылдырық шашу кезеңінде су биоресурстарын қорғау мақсатында күшейтілген рейдтік іс-шаралар жүргізуде.

     14 сәуір күні жүргізілген рейд барысында табиғат қорғау полициясы ішінде 55 және 51 жастағы екі жергілікті тұрғын болған жүзу құралын анықтады. Тексеру кезінде олардың уылдырық шашу кезеңінде енгізілген тыйымдарды бұзып, заңсыз балық аулауға арналған торларды пайдаланғаны белгілі болды. Оқиға орнында заңсыз ауланған балық пен құралдар тәркіленіп, табиғатқа 1 287 250 теңге көлемінде залал келтірілгені анықталды.

     Сонымен қатар тексеру барысында тағы бір құқық бұзушылық фактісі тіркелді. Біраз қашықтықта тоқтатылған екінші жүзу құралының иесі 39 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Оның әрекетінен табиғатқа келтірілген залал 2 973 610 теңгені құрады. Аталған азаматтың бұған дейін ұсталған құқық бұзушылардың бірінің жақын туысы екені анықталған.

     Қазіргі уақытта барлық деректер бойынша қылмыстық істер қозғалды. Құқық бұзушылыққа пайдаланылған екі моторлы қайық заттай дәлелдеме ретінде тәркіленді.

     Тәртіп сақшылары табиғатты қорғау заңнамасын бұзу қатаң жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1203186?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді