
Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде автопаркті жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Осы бағытта лизинг тетігі арқылы 51 жаңа жеңіл автокөлік сатып алынып, департаментке қарасты мекемелер мен пробация қызметтеріне табысталды.
Аталған шара қылмыстық-атқару жүйесі органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға және қызмет тиімділігін арттыруға бағытталған. Жаңа автокөліктер қызметкерлердің ұтқырлығын арттырып, қызметтік міндеттерді жедел әрі сапалы орындауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, автопарктің жаңартылуы өңірдегі қылмыстық-атқару жүйесі органдарының заманауи талаптарға сай дамып келе жатқанын көрсетеді.
Айта кету қажет, мұндай бастамалар қызметкерлердің жұмыс жағдайларын жақсартумен қатар, қызмет сапасының артуына да оң әсерін тигізеді.
Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖ департаменті алдағы уақытта да материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жетілдіру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра бермек.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duiskaraganda/press/news/details/1202674?lang=kk

Жауап қалдыру