
2026 жылғы 16 сәуір, Гуанчжоу қ. – Қазақстан Республикасының Гуанчжоудағы Бас консулы Уалихан Сәрсембеков Гуандун шет тілдері және сыртқы сауда университетінің өкілдерімен кездесу өткізді. Аталған кездесуге Қытайдың Қазақстан Республикасындағы бұрынғы Елшісі Чжан Сяо да қатысты.
Кездесу барысында тараптар білім беру, ғылыми және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, оның ішінде академиялық алмасуларды кеңейту, қазақстандық студенттерді Қытайда оқуға тарту, сондай-ақ екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы тікелей байланыстарды жолға қою мәселелерін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қытайдың білім беру және ғылыми ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, сондай-ақ кадрлар даярлау және гуманитарлық алмасулар саласындағы бірлескен жобаларды ілгерілетуге өзара мүдделілік расталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-guangzhou/press/news/details/1203120?lang=kk

Жауап қалдыру