Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі қызметтік әдептің стандарттарын белгілейді және қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, адалдық атмосферасын құруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдепке жат мінез-құлықтарының алдын алуға бағытталған.

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі мынадай қағидаттарға негізделеді:

– адалдық – қоғам игілігі үшін мемлекетке кәсіби әрі жауапкершілікпен қызмет ету;

– шыншылдық – өз міндеттеріне адал көзқарас таныту;

– ашықтық – қоғаммен өзара іс-қимылға дайын болу және өз әрекеттерінің айқындығын қамтамасыз ету;

– сыпайылық – азаматтар мен әріптестерге құрметпен және әдепті қарым-қатынас жасау.

Мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар:

– қарапайым болу, жалпы қабылданған моральдық-әдептік нормаларды сақтау, шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратпау;

-мемлекеттің мүдделеріне және азаматтардың құқықтарына зиян келтіретін әрекеттерге қарсы тұру;

-заңмен белгіленген шектеулерді сақтау, мүдделер қақтығысынан аулақ болу;

-азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік таныту, дөрекілікке, ар-намысты қорлауға және орынсыз мінез-құлыққа жол бермеу.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-abay/press/news/details/1202705?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді