ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ЖАНЫНДА «ҰЛЫ ДАЛА: ТҰРАН ӨРКЕНИЕТІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ЖАНЫНДА «ҰЛЫ ДАЛА: ТҰРАН ӨРКЕНИЕТІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

17 сәуірде Алматы қаласында ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының жанынан Тұран университетінің базасында «Ұлы дала: Тұран өркениеті» халықаралық зерттеу орталығының ресми ашылуы өтті.

Орталықтың негізгі мақсаты – халықаралық зерттеу хабын қалыптастыру және «жұмсақ ғылыми инфрақұрылым» желісін құру. Яғни, бұл тек халықаралық орталық қана емес, бұл бүкіл елді және халықаралық академиялық кеңістікті қамтитын көпдеңгейлі ғылыми желінің іргетасының қалануы.

Салтанатты жиында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының Басқарма төрағасы – Президенті А.Күрішбаев жаңа Конституция жобасының преамбуласындағы «Біз, біртұтас Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілікті нығайта отырып, Ұлы Даланың мыңдаған жылдық тарихының сабақтастығын сақтап…» деген сөздер мемлекетіміздің терең тарихи және өркениеттік негізін айқындайтынын атап өтті.

Орталық ашылуына А.Күрішбаев әлемдік тәжірибеде тиімділігін дәлелдеген Конфуций, Гете және Юнус Эмре институттарын мысалға келтіре отырып, орталық үш деңгейлі модель негізінде жұмыс жасайтынын баса айтты: «Ұлттық ғылым академиясы басқаратын орталық ғылыми хаб, ел ішіндегі университеттер мен ғылыми ұйымдарды біріктіретін ұлттық желі, сондай-ақ шетелдік алаңдарда құрылатын «Тұран орталықтары» мен «Тұран кафедралары».

Сонымен қатар ол «Turan Civilization Digital Atlas» платформасы, цифрлық архивтер мен жаңа білім беру бағдарламалары арқылы GIS, жасанды интеллект және интерактивті картографияны гуманитарлық зерттеулерге енгізу көзделетінін, бұл ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз ететінін атап өтті. Бұл бастама Қазақстанның халықаралық гуманитарлық беделін арттырып, Ұлы дала өркениетін жаһандық ғылыми кеңістікте танымал брендке айналдыру арқылы елдің зияткерлік имиджін нығайтатынын алға тартты.

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі А.Балаеваның құттықтау сөзін Академия Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры, Құрметті академик К.Құрманәлиев жеткізді. «Премьер-Министр өз сөзінде бүгінгі күннің маңызды тарихи сәт екеніне назар аударды. Ол «Ұлы дала: Тұран өркениеті» халықаралық зерттеу орталығының ресми ашылуы еліміздің гуманитарлық ғылымының жаңа кезеңін айқындайтын айтулы оқиға екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл бастама 2025 жылдың желтоқсан айында академиктермен өткен кездесуде ұсынылып, бүгін халықаралық орталық деңгейіне дейін жеткен. Сондай-ақ орталықтың Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының құрылымында, «Тұран» университеті базасында ашылуының ерекше маңызға ие екенін, оның қызметі Ұлы даланың өркениеттік мұрасын зерттеуге және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға үлес қосатынын атап, ұжымға табысты әрі жемісті жұмыс тіледі.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі С.Нұрбек «Ұлы дала: Тұран өркениеті» халықаралық зерттеу орталығының ашылуымен шын жүректен құттықтап, бұл орталықтың құрылуы – Ұлы даланы тұтас өркениеттік кеңістік ретінде ғылыми тұрғыдан зерделеуге, Орталық Еуразияның тарихи-мәдени мұрасын жаңаша пайымдауға және заманауи технологияларды гуманитарлық зерттеулермен ұштастыруға бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті. Аталған бастама ғылым, білім және сараптамалық қызметтің өзара ықпалдасуын күшейтіп, отандық ғылымның дамуына жаңа серпін береді деп сенемін білдірді.

Іс-шараға  Қырғыз Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Түрікменстан Республикасы, Түркияның консулдары мен дипломатиялық өкілдері, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері, жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың басшылары, академиктер мен жетекші сарапшылар қатысып. Ұлы даланы тұтас өркениеттік аймақ ретінде пәнаралық тұрғыдан зерттеу мәселелерін талқылап, «Тұран өркениеті» ғылыми парадигмасының әдіснамалық негіздерін айқындады. Негізгі назар Орталық Еуразияның тарихи-мәдени мұрасын, өркениеттік сабақтастықты, тарихи жадыны цифрландыруды, гуманитарлық зерттеулерге заманауи технологияларды енгізуді, сондай-ақ ғылым, білім және сараптамалық қызметті ықпалдастыру мәселелеріне аударылды.

Орталықтың ашылуына орай салтанатты іс-шара соңында Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама ұсынылды. Шара барысында түрлі этностардың мәдени мұрасын танытатын музыкалық және хореографиялық қойылымдар көрсетіліп, «Ұлы дала: Тұран өркениеті» халықаралық зерттеу орталығының ашылу салтанатына ерекше сән мен мазмұн берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/1203082?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді