«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 19-бабы 3-тармағы 1-1)тармақшасына сәйкес сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХLVІ-сессиясы 2026 жылдың 21 сәуірінде сағат 1100-ге Т.Рысқұлов ауылына шақырылсын.
Аудандық мәслихаттың
төрағасы С.Сарсенбаев
Түлкібас аудандық мәслихатының депутаттары мен
аудан халқының назарына
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабына сәйкес сіздердің назарларыңызға сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХLVІ-сессиясы 2026 жылдың 21 сәуірінде сағат 1100-де Т.Рысқұлов ауылында аудандық әкімдіктің мәжіліс залында өтетіндігін хабарлаймын.
Мекен жайы: Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі, 201 үй, (3 қабаттағы мәжіліс залы).
Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 0900-ден бастап жүргізіледі.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен мәжілісі 2026 жылдың 21 сәуірінде сағат 1000-де өтеді.
Сессия қарауына енгізілетін мәселе:
- Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы №29/3-07 «Түлкібас аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №13/2-08 «Түлкібас ауданы бойынша учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 29 қыркүйектегі №60/6-06 Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Састөбе кенті әкіміне сенімсіздік білдіру туралы
Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.
Аудандық мәслихаттың
төрағасы С.Сарсенбаев
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan-tulkubas/press/news/details/1203065?lang=kk

Жауап қалдыру