Талдықорғанда «Жас құтқарушы» жарысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 16 сәуірде Талдықорған қаласында Төтенше жағдайлар басқармасының ұйымдастыруымен қалалық мектеп оқушылары арасында дәстүрлі «Жас құтқарушы» жарысы өткізілді. Іс-шара өскелең ұрпақтың қауіпсіздік саласындағы білімін арттыруға, төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға және жауапкершілік сезімін тәрбиелеуге бағытталды.

Жарысқа қаланың жалпы білім беретін мектептерінен 9 команда қатысты. Қатысушылар 4 кезең бойынша сынға түсті, олардың ішінде теориялық сұрақтар мен практикалық тапсырмалар қамтылды. Оқушылар өмір қауіпсіздігі негіздері бойынша жақсы білімін, командалық бірлігін және берілген тапсырмаларды орындаудағы жоғары дайындық деңгейін көрсетті.

Қорытынды нәтижелер бойынша командалық есепте орындар келесідей бөлінді:
I орын – №10 орта мектеп,
II орын – №28 орта мектеп,
III орын – №19 орта мектеп.

Сонымен қатар, жеке кезеңдерде үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар арнайы грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ «Үздік жаттықтырушы» номинациясының жеңімпазы анықталып, оның еңбегі ерекше атап өтілді.

«Жас құтқарушы» жарысы оқушылардың білімін тексеріп қана қоймай, жастар арасында қауіпсіздік мәдениетін дамытуға ықпал ететін маңызды іс-шара болды. Жарыс достық бәсеке, өзара қолдау және жеңіске деген ұмтылыс атмосферасында өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhetisu/press/news/details/1203580?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді