Университет студенттері құрастырған алғашқы автокөліктің таныстырылымы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔸«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылдың 17 сәуірінде Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Азамат Султанов Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ ұйымдастырған іс-шараға қатысты.

🔹Іс-шара барысында университет студенттері құрастырған алғашқы автокөліктің таныстырылымы өтті. Жоба машина жасау бағыты бойынша білім алушы студенттер тарапынан заманауи технологияларды қолдана отырып және шетелдік білім беру бағдарламаларының қатысуымен жүзеге асырылды.

🔸Таныстырылым университеттің бас корпусы алдындағы алаңда өтіп, студенттердің жетістіктерін және өңірдегі машина жасау саласының дамуын көрсететін маңызды оқиғаға айналды.

Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1203117?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді