Жаңалық

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ТҮРКІСТАНДА ДЗЮДОДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ
Түркістан қаласындағы Б.Саттарханов атындағы спорт кешенінде дзюдодан Түркістан облысының кешенді Спартакиадасы өтіп жатыр. Өңірдегі Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің спортшылары арасындағы ауқымды дода «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Спорт – нашақорлыққа, терроризмге қарсы» ұранымен ұйымдастырылған. Салтанатты ашылу рәсіміне Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров, Түркістан облыстық дзюдо федерациясының президенті Хамитдин Жарқынбеков, сондай-ақ өңірдегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің басшылары қатысты.
Жарысқа облыстың барлық ауданын-қалаларынан келген спорт мектептерінің 450-ден астам жас дзюдошысы қатысуда. Бұл Спартакиада – жас спортшылардың шеберлігін шыңдап қана қоймай, олардың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыруға, зиянды әдеттер мен қоғамға жат құбылыстарға қарсы иммунитетті күшейтуге бағытталған маңызды алаң. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай ауқымды спорттық шаралар өскелең ұрпақтың спортқа деген қызығушылығын арттырып, олардың кәсіби деңгейде қалыптасуына серпін береді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
————
В ТУРКЕСТАНЕ СТАРТОВАЛА ОБЛАСТНАЯ СПАРТАКИАДА СРЕДИ ЮНОШЕЙ ПО ДЗЮДО
В спортивном комплексе имени Б. Саттарханова в городе Туркестан проходит комплексная спартакиада Туркестанской области по дзюдо. Масштабные соревнования среди спортсменов детско-юношеских спортивных школ региона организованы в рамках принципа «Закон и порядок» под лозунгом «Спорт — против наркомании и терроризма».
В торжественной церемонии открытия приняли участие руководитель управления физической культуры и спорта Туркестанской области Галымжан Худияров, президент Туркестанской областной федерации дзюдо Хамитдин Жаркынбеков, а также руководители детско-юношеских спортивных школ региона.
В соревнованиях принимают участие более 450 юных дзюдоистов из всех районов и городов области. Данная спартакиада — это не только возможность повысить мастерство молодых спортсменов, но и важная площадка для формирования у них здорового образа жизни, укрепления иммунитета к вредным привычкам и негативным социальным явлениям.
По словам организаторов, подобные масштабные спортивные мероприятия повышают интерес подрастающего поколения к спорту и дают импульс их профессиональному развитию.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1202797?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді