
Жол активтері сапасының ұлттық орталығы (ЖАСҰО) РМК жол-құрылыс маусымына дайындық барысында республика аумағындағы асфальтбетон зауыттарының (АБЗ) жыл сайынғы инспекциясына кірісті. Тексерулердің мақсаты – материалдардың жоғары сапасын қамтамасыз ету, өндірушілердің жауапкершілігін арттыру және елдегі жол жамылғысының беріктігін арттыру.
Қазір Қазақстанда тіркелген 440 зауыттың 52-сі (12%) тексерілді. Негізінен ауа райы жылы өңірлер: Ақтөбе облысында 28 зауыт, Алматы облысында 18 зауыт, Атырау облысында -3, Түркістан облысында – 2 және Алматы қаласында 1 зауыт.
Инспекция барысында мамандар зауыттар мен зертханалардың жарақтандырылуы, сапаны бақылау қызметінің болуы, сондай-ақ кіреберісті бақылау, материалдарды сақтау және тасымалдау ережелерінің сақталуы сияқты талаптар бойынша бағалау жасады. Тексеру шикізатты таңдаудан бастап дайын қоспаны шығаруға дейінгі бүкіл өндіріс циклін қамтитын 16 негізгі талап негізінде жүргізіледі.
Аттестаттау нәтижелері бойынша барлық деректер rcmbase.kz. жол материалдарының бірыңғай ақпараттық жүйесіне енгізіледі. Автомобиль жолдарымен әуе айлақтарды салу және жөндеу кезінде жүйелік мониторинг сапасыз өнімді пайдалануға жол бермейді. Тиісінше технологиялық ауытқуларды уақтылы анықтауға және оларды жедел жоюға мүмкіндік береді.
ҚР Көлік министрлігінің тапсырмасы бойынша 2024 жылдан бастап ЖАСҰО АБЗ аттестаттауды тұрақты өткізеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1202695?lang=kk

Жауап қалдыру