Жылыту маусымының қорытындысы бойынша брифинг өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жылыту маусымының қорытындысы бойынша брифинг өтті

Атырау облысында жылыту маусымы кезінде 86 өрт оқиғасы тіркелді

Бұл туралы Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Бағдат Абдуллин брифингте мәлім етті.

Өрт салдарынан 3 адам қаза тауып, 2 адам түрлі дәрежедегі күйік жарақатын алған. Сонымен қатар табиғи газдан уланудың 5 дерегі анықталған.

Өрттің негізгі себептері – электр желілеріндегі қысқа тұйықталу, жылыту пештері мен қазандықтарды дұрыс орнатпау және пайдалану, сондай-ақ отты абайсыз қолдану.

– Жылыту құрылғыларын дұрыс пайдаланып, түтін мұржаларын уақтылы тазалау қажет. Электр желілерінің жарамдылығын үнемі бақылауда ұстау маңызды. Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау – адам өмірін сақтап қалудың басты кепілі, – деді ол.

Жылыту маусымы аясында өңірде әлеуметтік осал топтарға жататын тұрғындардың үйлеріне 421 газ датчигі мен 1100 түтін датчигі орнатылып, 30 мыңнан астам үйде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-atyrau/press/news/details/1202885?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді