
Салдарын жедел жою үшін едәуір күш пен техника жұмылдырылды. Көше-жол желісі бойынша 43 маман жұмыс істеуде, 33 арнайы техника, 5 мотопомпа және 1 ассенизациялық көлік тартылды. Аулаішілік аумақтарда 25 адам, 5 техника және 5 мотопомпа жұмыс істеуде.
Жекелеген учаскелерде жедел әрекет ету үшін қосымша кезекші бригадалар қойылған. Сонымен қатар, судың кедергісіз ағуын қамтамасыз ету мақсатында арық өткелдерін тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Жұмыстар тоқтаусыз жалғасуда.
Түсіністік танытып, бейжай қарамағандарыңыз үшін тұрғындарға алғыс айтамыз.
#АлмалыАуданы #Алматы #ӘкімдікЖұмысы #ТазаҚала
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/1203668?lang=kk

Жауап қалдыру