Елордада Halyk Bank жалпыұлттық «Таза Қазақстан» бастамасын қолдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Президенттік саябақ аумағында ауқымды сенбілік жұмыстарын өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ұйымдастырушылар «Таза Қазақстан» акциясының маңызына тоқталып, бұл бастаманың тек бір реттік іс-шара емес, ұзақмерзімді экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті.

«Өткен аптадан бері елордада тазалық жұмысы қарқын алып, ауқымы күн санап кеңейіп келеді. Президенттік саябақтағы сенбілікке 350-ден астам адам жұмылдырылып отыр. Бұл «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясын қолдауға бағытталған нақты қадамдардың бірі. Басты мақсат – Астана қаласының тазалығын сақтау ғана емес, тұрғындар үшін жайлы әрі көрікті орта қалыптастыру.

Бүгінгі тазалық жұмыстары Сығанақ көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейінгі аралықты қамтиды», – деді Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының бас маманы Райымбек Нысанбаев.

Айта кетейік, елімізде экологиялық мәселелерге деген қоғамдық назар айтарлықтай артып келеді.

«Біз үшін туған қаланың тазалығы – ортақ жауапкершілік. Сондықтан әрбір тұрғын бұл іске бейжай қарамауы тиіс. Тазалық тек айналамыздан ғана емес, ниетіміз бен ойымыздан да басталады. Осындай сенбіліктер – қоғамдағы бірлік пен жанашырлықтың айқын көрінісі. Өткен сенбілікте де, бүгінгі шарада да қала тазалығын сақтауға баршамыз бір кісідей жұмылып отырмыз.

Бұл – қоршаған ортаға деген құрметіміздің және келер ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміздің нақты дәлелі», – деді Астана қалалық Halyk Bank филиалының директоры Жанар Рахимова.

#ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge #ТазаАула @TazaQazaqstan

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1203770?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді