
2026 жылғы 22–30 сәуір аралығында Қытайдың Санья қаласында (Хайнань аралы) VI Азия жағажай ойындары өтеді
Аталған жарыста барлығы 15 спорт түрінен медальдар сарапқа салынады. Қазақстан құрамасы 9 спорт түрі бойынша қатысып, ел намысын 70 спортшы қорғайды:
акватлон – 6 спортшы;
3×3 баскетбол – 8 спортшы;
су добы – 14 спортшы;
джиу-джитсу – 8 спортшы;
желкенді спорт – 6 спортшы;
ашық суда жүзу – 4 спортшы;
жағажай күресі – 8 спортшы;
жағажай волейболы – 8 спортшы;
спорттық құзға өрмелеу – 8 спортшы.
Ойындар бағдарламасына олимпиадалық спорт түрлерімен қатар Азия өңірінде кең таралған дисциплиналар да енгізілген.
Айта кетейік, бұл жарыстар Жапонияда өтетін жазғы Азия ойындарына дайындықтың бір кезеңі саналады.
Байрақты бәсекеге барлығы 15 спорт түрінен жүлделер сарапқа салынады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1203799?lang=kk

Жауап қалдыру