Алматыда Карьерная көшесінде тұрғындар мен коммуналдық қызмет өкілдерінің қатысуымен сенбілік өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматыда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қалалық аумақтарды санитарлық тазарту және көріктендіруге бағытталған сенбілік ұйымдастырылды.

Тазалық жұмыстары Наурызбай ауданындағы Карьерная көшесінде жүргізілді. Іс-шараға әкімдік аппаратының қызметкерлері, түрлі мекемелердің өкілдері, коммуналдық қызмет мамандары, еріктілер, кәсіпкерлер мен жергілікті тұрғындарды қосқанда, шамамен 150 адам қатысты.

Сенбілік барысында арнайы техника тартылып, аумақ тұрмыстық қалдықтардан жан-жақты тазартылды және оған іргелес учаскелер ретке келтірілді. Жалпы шығарылған қоқыс көлемі шамамен 50 текше метр.

Мұндай іс-шаралар қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға, қоғамдық кеңістіктерді көркейтуге және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1203852?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді