Ақсуат ауданында абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақсуат ауданында инфрақұрылымды дамыту және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Өткен жылы бірнеше жоба іске асырылды. 2026 жылы да абаттандыру жұмыстары өз жалғасын табуда.

Қазіргі уақытта Ақсуат ауылындағы Қабанбай көшесі бойындағы ұзындығы 1,2 шақырымды құрайтын жаяу жүргіншілер жолын абаттандыру, күтіп ұстау және көшелерді жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. Түнгі жарықтандыруға арналған 92 бағана және қажетті қосымша жабдықтар жеткізілді. Сондай-ақ, бағаналарды орнатуға арналған шұңқыр қазылып, толық дайындалды. Алдағы уақытта жарық бағаналарын орнату жұмыстары басталады деп жоспарлануда.

Жаяу жүргіншілер жолының сапасын арттыру мақсатында оның шеттеріне орнатылатын жиектастар жеткізіліп, құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасатын болады.

Жоба ауылдың келбетін жақсартуға, тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыруға бағытталған. Жоспарға сәйкес барлық жұмыстарды биылғы жылдың 10 мамырына дейін аяқтау көзделіп отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/1203861?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді