Аңдатпа-хабарландыру
«Ашық есік күні»:
БЖЗҚ жаңа инвестициялық портал ұсынады
2026 жылғы 28 сәуірде БЖЗҚ барлық ниет білдірушілерді “Ашық есік күні” дәстүрлі онлайн-кездесуіне шақырады, онда Қор мамандары invest.enpf.kz жаңа инвестициялық порталы және ол арқылы салымшылардың қандай мүмкіндіктерге ие болатыны туралы алғаш рет егжей-тегжейлі айтып береді.
Кездесу барысында сіз келесі мәліметтермен таныса аласыз:
- платформа қалай жұмыс істейді;
- зейнетақы активтерін инвестициялау жүйесінің құрылымы қандай;
- инвестициялық көрсеткіштерді қалай талдап, стратегияларды қалай салыстыруға болады;
- басқарушыны таңдағанда неге назар аудару керек;
- өз мүмкіндіктеріңізді саралау үшін invest.enpf.kz порталын қалай пайдалануға болады;
- салымшылардың болашақ зейнетақыға әсер ету үшін қандай нақты құралдары бар.
Қатысушылар өздерін қызықтырған кез-келген сауалдарға Қор мамандарынан түсініктемелер, сондай-ақ жеке кеңестер ала алады.
Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» 2026 жылдың 28 сәуірінде 10:00 сағ., 12:00 сағ., және 14:00 сағ. онлайн-форматта өткізіледі.
Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет.
Сағат 10:00-ғы іс-шараға қатысу үшін ZOOM бағдарламасына сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз:
https://us04web.zoom.us/j/78515574765?pwd=148cuqur3ZaueCcVKkexHblD4fG8cO.1
Event-мәжіліс құпиясөзі: 2026
Сағат 12:00-ғы іс-шараға қатысу үшін WEBEX бағдарламасына сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз:
https://enpf.webex.com/weblink/register/r481a9dbd29eca9648d07c5ccf3e81ed8
Event-мәжіліс нөмірі: 2510 562 1632
Event-мәжіліс құпиясөзі: 2026
Сағат 14:00-ғы іс-шараға қатысу үшін WEBEX бағдарламасына сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз:
https://enpf.webex.com/weblink/register/r1f8ba97fd0a4edd480ca28041c830bc9
Event-мәжіліс нөмірі: 2517 404 7605
Event-мәжіліс құпиясөзі: 2026
«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнінде» өз салымшыларын (алушыларын) және барлық ниет білдірушілерді күтеді!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-beskaragay/press/news/details/1203843?lang=kk

Жауап қалдыру