Павлодарда ТЖМ басшысы өнеркәсіптік өндіріс саласымен танысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Министр генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов өңірдегі арнайы техниканы өндіру және жабдықтаумен айналысатын кәсіпорынның біріне барды.

  Кәсіпорын аэролодкалар шығаратын брендтің ресми өкілі және дистрибьюторы болып табылады. Сондай-ақ арнайы автокөліктерді жеткізу және жабдықтаумен айналысады, әрі құтқарушылардың жұмысында қолданылатын техниканы — жедел-штабтық машиналардан бастап авариялық-құтқару көліктеріне дейін — жасауға қатысады. Бұдан бөлек, ұшқышсыз ұшу аппараттары мен заманауи бақылау жүйелеріне қатысты бағыттар дамытылуда. Бұл жүйелер іздестіру-құтқару операциялары мен жағдайды мониторингтеуде қолданылуы мүмкін.

  Сапар барысында ведомство басшысына кәсіпорынның өндірістік мүмкіндіктері көрсетіліп, ТЖМ қажеттіліктері үшін техника желісін кеңейту жоспарлары туралы айтылды. Ол отандық өндірісті дамыту маңыздылығын атап өтіп, мұндай кәсіпорындарды нығайту құтқару бөлімшелерінің дайындық деңгейі мен тиімділігін арттыруға ықпал ететінін жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1203872?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді