
17–18 сәуір күндері Алматыда медициналық туризм саласындағы Орталық Азиядағы маңызды алаңдардың бірі саналатын ALZ 16-Халықаралық медициналық туризм көрмесі өтті.
Халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында көрмеге 1 500-ден астам қатысушы келіп, 60 көрме стенді орналастырылды. Көрме Қазақстан, Түркия, БАӘ, Германия, Ресей және басқа да елдердің өкілдерін бір алаңға жинады.
Бағдарлама аясында көрме, B2B кездесулер және жетекші сарапшылардың қатысуымен іскерлік сессиялар өтті.
Astana Tourism орталығы да көрмеге қатысып, Астананы медициналық туризмнің өңірлік хабы ретінде таныстырды және жаңа халықаралық серіктестіктер орнатуға мүмкіндік алды.
https://www.instagram.com/p/DXPS88sCBUQ/
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1204392?lang=kk

Жауап қалдыру