
Әлем бойынша 19-25 сәуір аралығында Еуропалық иммундау апталығы өтіп жатыр. Биылғы шараның ұраны – «Вакциналар әрбір ұрпаққа пайдалы». Осыған орай Астанада тұрғындардың ақпараттандырылуын арттыруға және вакцинацияға деген сенімді нығайтуға бағытталған кешенді іс-шаралар өтіп жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Вакцинация тек медициналық шара ғана емес, ол – балалардың дені сау болып өсуіне, ересектердің белсенді өмір сүруіне және егде жастағы адамдардың қауіпсіз әрі ұзақ өмір сүруіне ықпал ететін маңызды қадам.
Апталық аясында елордадағы медициналық ұйымдар мен қоғамдық орындарда түсіндіру мақсатында кездесулер өткізіліп, тұрғындар вакцинацияға қатысты сұрақтарына жауап ала алады. Сонымен қатар фото және арт-көрмелер ұйымдастырылып, денсаулық сақтау саласының мамандарының бейнеүндеулері ұсынылады.
Іс-шараларға Еуропа Одағының елшілері де қатысады, бұл бастаманың халықаралық маңызын және қоғамдық денсаулықты нығайтудағы рөлін көрсетеді.
Аталған шаралар Астана қаласының әкімдігі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы өкілдігімен бірлесіп өткізіліп жатыр.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1204152?lang=kk

Жауап қалдыру