Астана қаласы тұрғындарының және қалалық мәслихаттың сегізінші сайланымының депутаттарының назарына!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылы 24 сәуірде сағат 11:00 Астана қаласы мәслихатының сегізінші  сайланымының кезектен тыс сессиясы шақырылады. 

Сессияның қарауына келесі сұрақтар енгізіледі: 

  1. Астана қаласы бойынша автотұрақтарға (паркингтерге) және автожанармай құю станцияларына бөлінген жерге арналған базалық салықтық мөлшерлемелер туралы.
  2. «Астана қаласының әлеуметтік маңызы бар қатынастарының тізбесін айқындау туралы» Астанa қаласы мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 375/48-VIII шешіміне толықтырулар енгізу туралы.
  3. Толық бітіріп берілетін құрылыс туралы шарт бойынша іске асырылатын объектілердің тізбесі туралы.
  4. Астана қаласында қолжетімді ортаны қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы.
  5. «Астана қаласында қандас мәртебесін беру немесе ұзарту жөнінде комиссия құрамы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 14 желтоқсандағы № 122/15-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  6. Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару шарттарының жобаларын келісу туралы.
  7. «Депутаттық этика мәселелері жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 20/2-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы. 

Астана қаласы
мәслихатының төрағасы
Т. Зейнұлқабден

Анықтама үшін телефондар: 55-66-36.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-maslihat/press/news/details/1204269?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді