АСТАНАДА ӨТКЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
📍Астана қаласында 16-20 сәуір күндері Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің ұйымдастыруымен коммуналдық сала қызметкерлері арасында футзалдан «Қазақстанның коммуналдық қызметкерлері кубогі – 2026» республикалық турнирі өтті.
🔰Ауқымды спорттық додаға еліміздің 16 өңірінен командалар қатысып, өзара бақ сынасты. Тартысты өткен кездесулер қорытындысы бойынша жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсеткен Түркістан облысының құрамасы жеңімпаз атанып, жүлделі І орынды иеленді. Сонымен қатар Түркістан облысының құрамасындағы «Бәйдібек ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Тұрар Ауелбек «Үздік ойыншы» наминациясын иеленсе, Келес ауданы, Алпамыс батыр ауылдық округі әкімінің аппаратындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және мемлекеттік меншік жөніндегі бас маманы Медеубек Садықбаев «Үздік шабуылшы» наминациясын жеңіп алды.
🔰Аталған турнир коммуналдық сала қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, сондай-ақ өңіраралық әріптестік пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды спорттық алаң болды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1204767?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді