2026 жылғы 18 сәуірде Дружба ауылдық округінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында аумақтарды санитарлық тазарту және абаттандыру бойынша іс-шаралар өткізілді.
Дружба ауылында Дружба орта мектебінің ұжымы іргелес аумақты тазалау және ретке келтіру жұмыстарын ұйымдастырып, жүргізді. Қоқыстар тазаланып, мектеп аумағы тиісті санитарлық жағдайға келтірілді.
Целинное ауылында “Целинное – 2004” ЖШС ауылішілік жолдарға қиыршық тас төсеу және тегістеу жұмыстары атқарылды, бұл жолдардың жүріс бөлігін және жалпы жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді.
Володар ауылында «Береке-Агро» ЖШС кәсіпорынға қарасты аумақтарда сенбілік өткізіп, бекітілген жер телімдерін тазалау және абаттандыру жұмыстарын жүзеге асырды.
Өткізілген іс-шаралар елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға және тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруға ықпал етеді.
Барлық тұрғындарды тазалықты сақтауға, аула маңын ретке келтіруге және туған округтің дамуы мен гүлденуіне өз үлесін қосуға шақырамыз.
Сенбілікке қатысып, ортақ іске үлес қосқан барлық азаматтарға алғыс білдіреміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-druzhba/press/news/details/1204059?lang=kk

Жауап қалдыру