
Абаттандыру жұмыстары және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Свердловка ауылының кіреберіс бөлігінде орналасқан қоршауды жөндеу бойынша дәнекерлеу жұмыстары жүргізілуде.
Аталған жұмыстарды «Родник-М» ЖШС ұйымдастырып, ауыл келбетін жақсартуға өз үлестерін қосуда.
Мұндай игі бастамалар елді мекеннің көркеюіне, тазалығы мен тәртібінің сақталуына оң әсер етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-denisov-sverdlov/press/news/details/1204315?lang=kk

Жауап қалдыру