
Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні қарсаңында мемлекеттік еңбек инспекторы Г. К. Аманжолов Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында инспектор мерекенің пайда болу тарихы мен маңыздылығына тоқталып, еңбекті қорғау талаптарын қатаң сақтаудың қажеттілігі туралы кеңінен түсіндірді.
Іс-шара аясында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар мен қажетті түсініктемелер алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-enbek/press/news/details/1203951?lang=kk

Жауап қалдыру