Елорда мәслихатының депутаттары «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында қаланы абаттандыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізуде (19.04.2026)

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Депутаттар «Өндіріс» тұрғын алабында санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізіп, бүгін «Железнодорожный» тұрғын алабында сенбілікке қатысты. Келесі кезекте — «Үркер» тұрғын алабында жұмыстар жалғасады.

Еске сала кетейік, Астанада «Таза Қазақстан — жауапкершілік белесі» атты ауқымды экологиялық айлық өтуде. Осы бастама аясында қала бойынша «Таза қала» ұранымен абаттандыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылуда.

Осындай бастамалардан тыс қалмай, белсенділік танытып жүрген тұрғындарға ерекше алғыс айтылды. Олардың атсалысуы — туған қалаға деген шынайы жанашырлықтың айқын көрінісі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-maslihat/press/news/details/1204273?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді