
Кене энцефалиті – қызбамен, интоксикациясымен және орталық жүйке жүйесінің зақымдалуымен сипатталатын табиғи ошақты жұқпалы ауру.
Кене шаққан кезде:
- кенені абайлап алу керек, себебі кенеде болатын қоздырғыштар зақымдалған тері арқылы ағзаға енуі мүмкін;
- кенені бөлшектемей алу маңызды, теріде қалған кененің бөліктері қабыну мен ірің тудыруы мүмкін;
- кенені алу үшін және кене шаққан соң иммуноглобулинді енгізу үшін міндетті түрде медициналық ұйымға жүгіну қажет. Иммуноглобулинді кене шаққан күннен бастап 3 күн ішінде алған жөн.
Аурумен күресудің ең тиімді, сенімді әдісі – кене энцефалитіне қарсы екпе алу.
Вакцинация демалыс, туризм мақсатында эндемиялық аумақтарға баратын және кәсіби қызметпен аумаққа келген жұмысшыларға, сондай-ақ эндемиялық аумақта тұратын халыққа жүргізіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-karabalyk-audany-akimat/press/news/details/1204535?lang=kk

Жауап қалдыру