
«Мектеп орманшылығы» жобасы аясында «Темір орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің» ұйымдастыруымен Темір қаласында экологиялық іс-шара өтті. Бастама білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықты нығайтып, өскелең ұрпаққа табиғатты аялаудың маңызын насихаттауға бағытталды. Шара барысында 100 көшет отырғызылып, құс ұялары орнатылды. Сондай-ақ ағаштарды әктеу, түптеу және суару жұмыстары жүргізілді. Бұл – жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыратын маңызды қадам. Жасыл әлемді бірге сақтайық!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-temir-temir/press/news/details/1204009?lang=kk

Жауап қалдыру