«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының басқарма төрағасы тағайындалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының басқарма төрағасы болып Алматов Ғалымжан Бауыржанұлы тағайындалды.

Ғалымжан Бауыржанұлы білім беру саласында мол тәжірибесі бар басшы. Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Математика» мамандығы бойынша, сондай-ақ Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін тәмамдаған

Еңбек жолын 2010 жылы Шымкент қаласында математика пәнінің мұғалімі болып бастаған. Әр жылдары педагог-ұйымдастырушы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, мектеп директоры, сондай-ақ білім сапасын қамтамасыз ету жүйесінде басшылық қызметтер атқарған

2021 жылдан бастап Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті жүйесінде қызмет етті. Осы тағайындауға дейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы болды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/1204678?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді