
Ағымдағы жылдың 15 сәуір күні Шеңгелді ауылдық округіне қарасты Ақөзек ауылында округ әкімінің м.а. Жандос Оралбекулы Манеев тұрғындармен бекітілген кестеге сәйкес есептік кездесуі өтті.
Кездесу ашық форматта өтіп, ауыл тұрғындары өздерін толғандырған өзекті мәселелерді ортаға салды. Жиын барысында ең алдымен жер мәселесі жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар көше жарықтандыру мәселесі де назардан тыс қалмады. Округ әкімінің міндетін атқарушы Жандос Оралбекулы барлық көтерілген мәселелер назарға алынатынын, тиісті сала мамандарымен бірлесіп нақты шаралар қабылданатынын жеткізді.
Кездесу барысында айтылған ұсыныс-пікірлер алдағы жоспарға енгізіліп, жүйелі түрде жұмыс жүргізілетін болады. Мұндай кездесулер – билік пен халық арасындағы ашық диалогтың тиімді алаңы. Өзекті мәселелерді бірлесе талқылап, ортақ шешім табу – ауылдың дамуына жасалған нақты қадам.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qonaev-shengeldi/press/news/details/1204696?lang=kk

Жауап қалдыру