Қалалық мәслихат аппараты “Мәдени мұраны бірге сақтайық” республикалық акциясына қатысты.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекет басшысының тапсырмасын және “Таза Қазақстан” ауқымды жалпыұлттық бастамасын орындау аясында аппарат қызметкерлері ТКШ бөлімінің өкілдерімен бірлесіп Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орайластырылған Жамбыл Жабаев атындағы саябақта экологиялық тазалық жұмыстарын жүргізді. Іргелес аумақтар ретке келтіріліп, ескерткіштің элементтері тазартылды.

Тарихи-мәдени мұраны сақтау-болашақ ұрпақ алдындағы ортақ борышымыз. Мұндай акциялар қаланың келбетін жақсартып қана қоймай, әр адамға біздің тарихымызға ұқыпты қараудың маңыздылығын еске салады. ‎

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1204222?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді