Қазақстанның Конституциясы – елдегі әділдік пен заң үстемдігін нығайтатын басты құжат ретінде өз маңызын арттыра түсті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстанның Конституциясы – елдегі әділдік пен заң үстемдігін нығайтатын басты құжат ретінде өз маңызын арттыра түсті. Жүргізілген реформалар нәтижесінде мемлекеттік басқару жүйесі халыққа жақындай түсіп, әр азаматтың дауысы маңыздырақ бола бастады.

Қазіргі Конституцияның басты ерекшелігі – адам құқықтарына басымдық берілуі. Азаматтардың пікірін ескеру, ашықтықты қамтамасыз ету және жауапкершілікті күшейту негізгі бағыттардың біріне айналды. Бұл өзгерістер қоғамдағы сенімді арттырып, мемлекет пен халық арасындағы байланысты бекемдей түсті.

Сондай-ақ, заң үстемдігі қағидаты күшейіп, әділ шешім қабылдау мәдениеті қалыптасып келеді. Әрбір азамат заң алдында тең, ал бұл – тұрақты әрі дамушы мемлекеттің басты белгісі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-talas/press/news/details/1204352?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді