
Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов Қобда ауданына жұмыс сапарымен барып, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысты.
Сапар аясында ауданның шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесу өтті. Жиын барысында кәсіпкерлердің ұсыныс-пікірлері тыңдалып, өзекті мәселелер талқыланды.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” қағидаты – біздің негізгі ұстанымымыз. Сондықтан әрбір ұсыныс біз үшін маңызды. Шағын және орта бизнес – экономиканың тірегі. Сол себепті кәсіпкерлікті қолдау және кедергілерді азайту – басты міндеттердің бірі», – деді Абзал Әбдікәрімов.
Кездесуде кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау шаралары таныстырылды. Атап айтқанда, «Даму» қоры арқылы ұсынылатын жеңілдетілген несиелер, пайыздық мөлшерлемені субсидиялау және гранттық бағдарламалар туралы ақпарат берілді.
Кездесу соңында Абзал Әбдікәрімов көтерілген мәселелердің барлығы бақылауға алынатынын және аудандағы кәсіпкерлік ахуалды жақсарту бойынша нақты тапсырмалар берілгенін атап өтті. Бұл жұмыстар аймақтың экономикалық әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына серпін бермек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-industiya-innovatsiya/press/news/details/1204040?lang=kk

Жауап қалдыру