
Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде пробация қызметінің 2026 жылдың үш айының қорытындысына арналған жедел кеңес өтті. Кеңес Департамент бастығы, әділет полковнигі Алтынбек Қалиевтің төрағалығымен өткізілді.
Жиынға қалалық және аудандық пробация бөлімдерінің басшылары мен жеке құрамы қатысты.
Кеңес барысында пробация қызметінің атқарған жұмыстары жан-жақты сараланып, негізгі көрсеткіштер талқыланды. Ерекше назар құқық бұзушылықтардың алдын алу, есепте тұрған сотталғандарды түзету, сондай-ақ қызмет тиімділігін арттыру мәселелеріне аударылды.
Сонымен қатар, атқарылған жұмыстардың нәтижелері мен орын алған кемшіліктер қарастырылып, алдағы кезеңге нақты міндеттер айқындалды. Атап айтқанда, цифрлық пробация құралдарын тиімді пайдалану, іздеуде жүрген сотталғандармен жұмысты жандандыру, қоғамдық және мәжбүрлі жұмыстарды ұйымдастыруды күшейту, сондай-ақ әлеуметтік және құқықтық көмекті жетілдіру бағыттары белгіленді.
Жиын қорытындысы бойынша Департамент бастығы қызметкерлерге күнделікті бақылауды күшейтіп, жұмысты заң мен тәртіп талаптарына сәйкес қатаң түрде ұйымдастыруды тапсырды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-kost/press/news/details/1204179?lang=kk

Жауап қалдыру