ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй басқарудың жаңа жүйесіне өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысының көпқабатты тұрғын үй қорында басқарудың жаңа жүйесі белсенді түрде енгізілуде.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ШҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Рауан Тұрысбек мәлімдеді.

Жаңа басқару үлгісіне мүлік иелері бірлестіктері (МИБ) және тікелей бірлескен басқару (ТББ) жатады. Сонымен қатар «бір үй – бір шот» қағидаты қарастырылған, ол тұрғындардың қаражатын мақсатты пайдалануды қамтамасыз етеді.

– Қазіргі таңда басқарудың жаңа нысандарына 1 184 көпқабатты тұрғын үй өтті, бұл облыстың тұрғын үй қорының 35%-ын құрайды. Оның ішінде 415 үй МИБ нысанында, ал 769 үй ТББ нысанында жұмыс істейді, – деді Рауан Тұрысбек.

Оның айтуынша, бұл өзгерістер басқару ашықтығын арттыруға, тұрғын үй қорын күтіп ұстау сапасын жақсартуға және сервистік қызмет көрсетуді дамытуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1203881?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді