
Шығыс Қазақстан облысының делегациясы Шымкент және Сарыағаш қалаларында, Туркестан облысында, Сайрам ауданы, Ақсу ауылында өтіп жатқан бос жұмыс орындары жәрмеңкелеріне қатысуда.
Алтай ауданынан аталған іс-шараға Алтай ауданының әкімі Құрмамбаев Р.Т., Октябрьск кентінің әкімі Әбілмажинов Д.У., сондай-ақ Полянское және Феклистовка ауылдарының жалпы білім беретін мектеп директорлары Қостаева Д.Е. мен Чабиева Ж.К. қатысуда.
Жәрмеңке аясында өңір өкілдері жұмыс іздеушілермен кездесулер өткізіп, жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін, әлеуметтік қолдау шараларын және ауданның даму перспективаларын таныстыруда. Білім беру, денсаулық сақтау және өзге де әлеуметтік маңызы бар салаларға білікті мамандарды тартуға ерекше көңіл бөлінуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altai/press/news/details/1204208?lang=kk

Жауап қалдыру