Түнгі қауіпсіздік күшейтілді: Ақтөбе жолдарында лазерлік бағдарлау кешені орнатылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы мен «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы қызметкерлері бірлесіп, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және түнгі уақытта жүргізушілердің назарын арттыру мақсатында лазерлік визуалды бағдарлау кешенін орнатты.

Аталған кешен көріну деңгейі төмен учаскелерде жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған және жүргізушілерге жол жағдайын дер кезінде бағамдауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға ықпал етеді.

Көлік құралын басқару кезінде мұқият болу және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажет. Жолдағы қауіпсіздік – ортақ жауапкершілік.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-aktobe/press/news/details/1204754?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді