
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Абай облысы бойынша өкілі Д. Жұмагелдиннің «Еркіндік рухы» жастар құқығы жөніндегі комиссиясының мүшесі Б. Ахатқызымен жұмыс кездесуі.
Іс-шара барысында өңірдегі адам құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері, сондай-ақ жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру саласындағы өзара іс-қимыл перспективалары талқыланды. Ынтымақтастық тетіктерін дамытуға ерекше назар аударылды.
Талқылау қорытындысы бойынша жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға және Абай облысындағы құқық қорғау тетіктерін нығайтуға бағытталған бірлескен іс-шаралар өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Кездесу соңында тараптар әлеуметтік маңызы бар мәселелерді тиімді шешу үшін құқық қорғау институттары мен жастар ұйымдары арасындағы сындарлы диалогтың маңыздылығын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-abay-oblysy/press/news/details/1204991?lang=kk

Жауап қалдыру