
Қызылорда қаласында «Amanat» партиясының қолдауымен өткен AMANAT IDEATHON хакатоны 250-ге жуық белсенді жастың басын қосты. Іс-шара барысында қатысушылар тарапынан қоғамдық мәселелерді шешуге бағытталған жалпы саны 106 жоба қорғалып, сарапшылардың жоғары бағасын алды.
1 000 000 теңге көлеміндегі бас жүлдені ерекше балаларға ағылшын тілін үйрететін «Qozy» мобильді қосымшасы иеленсе, білім беру платформасын ұсынған мектеп оқушысы Көркем Мұхаммеджанова университеттің грантына ие болды.
Kyzylorda Hub пен серіктестер ұйымдастырған бұл шара жастардың идеяларын нақты стартапқа айналдыруға үлкен серпін берді. Хакатон нәтижесінде үздік шыққан инновациялық шешімдер алдағы уақытта нақты өнімге айналып, әлеуметтік өмірді жақсартуға үлес қоспақ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/cifrovizaciya-kyzylorda/press/news/details/1204986?lang=kk

Жауап қалдыру