Ақтаулық NIS оқушыларының жобалары Ciena Solutions Challenge байқауында жеңімпаз атанды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтаулық NIS оқушыларының жобалары Ciena Solutions Challenge байқауында жеңімпаз атанды

Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушылары Мерей Нұрғазы мен Зуриад Батырбектің «Nomad VISIT» жобасы және 11-сынып оқушылары Аружан Қазыева, Асия Ғұмарқызы, Айару Ағайдардың «MediFLY» жобасы АҚШ-тың «Ciena Solutions Challenge» байқауында 750$ көлемінде қаржылай қолдау алды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. «Ciena Solutions Challenge» – 2021 жылы Ciena және Digital Promise ұйымдарының бастамасымен жүзеге асып келе жатқан байқау. Осы күнге дейін 103 елден 1200-ге жуық педагог пен оқушылар нақты проблемаларды анықтау және шешу жолдарын ұсынып келеді. Басты талап – өзекті проблемаларға БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына сай шешімдер ұсыну. Биылғы сайысқа әлемнің 23 елінен 62 команда қатысқан. – Біздің оқушыларымыз идеяларының жәй ғана жоба емес, шынайы қолданысқа енгізілгенін қалайды. Сол үшін зияткерлер түрлі байқауларға қатысып, қаржылық қолдау іздейді. Осы сайысқа ақпан айында оқушыларымыз онлайн қатысып, өтінім жіберген еді, – дейді Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі, «MediFLY» жобасының жетекшісі Ислам Жомартұлы. «Nomad VISIT» жобасы – туристерге сұраныстары бойынша қажетті ақпаратты тауып беруге арналған қосымша. Әзірге қосымшада тек Қазақстан туралы мәліметтер жинақталған. Жоба үш тілде жұмыс істейді. «MediFLY» жобасы – жасанды интеллект көмегімен квадрокоптер арқылы медициналық көмек көрсетуге арналған. Жоба жедел жәрдем көрсету қызметіндегі III және IV категориялық қоңырауларға ақпараттық тұрғыда көмек көрсетеді. – Біз жобамызды әрі қарай дамытып, қажетті жабдықтарға жұмсауды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, жобамыздың қаржылық моделін дұрыс шығару үшін бізге сарапшының көмегі керек, – дейді«MediFLY» жобасының мүшесі Аружан Қазыева.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-uvp/press/news/details/1205309?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді