2026 жылғы 28 сәуірде БЖЗҚ барлық ниет білдірушілерді “Ашық есік күні” дәстүрлі онлайн-кездесуіне шақырады, онда Қор мамандары invest.enpf.kz жаңа инвестициялық порталы және ол арқылы салымшылардың қандай мүмкіндіктерге ие болатыны туралы алғаш рет егжей-тегжейлі айтып береді.
Кездесу барысында сіз келесі мәліметтермен таныса аласыз:
- платформа қалай жұмыс істейді;
- зейнетақы активтерін инвестициялау жүйесінің құрылымы қандай;
- инвестициялық көрсеткіштерді қалай талдап, стратегияларды қалай салыстыруға болады;
- басқарушыны таңдағанда неге назар аудару керек;
- өз мүмкіндіктеріңізді саралау үшін invest.enpf.kz порталын қалай пайдалануға болады;
- салымшылардың болашақ зейнетақыға әсер ету үшін қандай нақты құралдары бар.
Қатысушылар өздерін қызықтырған кез-келген сауалдарға Қор мамандарынан түсініктемелер, сондай-ақ жеке кеңестер ала алады.
«Ашық есік күні» 2026 жылдың 28 сәуірі күні сағат 10:00; 12:00; 15:00 -де онлайн-форматта өтеді.
Іс-шараға қатысу үшін тіркелу сілтеме.
Көрсетілген уақытта сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз (https://us05web.zoom.us/j/6787811702?pwd=SmVDWTEwQnVpZU50VG1EVFFLQnNRQT09&omn=86552426731).
Еvent-мәжіліс нөмірі: (678 781 1702)
Еvent-мәжіліс құпиясөзі: (1414)
«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнінде» өз салымшыларын (алушыларын) және барлық ниет білдірушілерді күтеді!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-bayanaul/press/news/details/1205444?lang=kk

Жауап қалдыру