Астана қаласы Ағымдағы жылдың 20 сәуірінде Дін істері жөніндегі басқармасы «Qamqor-Astana» қоғамдық қорымен бірлесіп, Білім басқармасының қолдауымен жалпы білім беретін мектептер директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына арналған оқу курстары бастауын алды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Курс тақырыбы: «Кәмелетке толмағандардың діни ортаға тартылуының ерте белгілерін анықтау және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу әдістері».
🎯 Іс-шараның мақсаты не болды?
Аталған оқу іс-шараларының мақсаты жасөспірімдердің деструктивті діни ағымдарға тартылуының алдын алу саласындағы мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, сондай-ақ тәуекелдерді ерте анықтау және дер кезінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету дағдыларын қалыптастыру болды.

🎤 Ресми ашылуы:
Курстың ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлегендер:
* Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Көшқали Қайролла Дүйсешұлы;
* Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Маржангүл Жамбылқызы Қаиырбаева.

👤 Дәріс оқыған сарапшылар:
Курс аясында дін саласындағы білікті мамандардың дәрістері тыңдалды. Олардың қатарында:
🔹 Сабдин А.К. — белгілі теолог, исламтанушы, дерадикализация саласының сарапшысы;
🔹 Жаншин Н.Б. — дінтанушы – теолог, «Қамқор-Астана» ҚҚ бөлім басшысы;
🔹 Антипин А.А. — дінтанушы-сарапшы;
🔹 Романова А.Т. — дінтанушы, «Қамқор-Астана» ҚҚ бөлім басшысы;
🔹 Сақан Д. мен Нұрахметұлы А. — «Қамқор-Астана» ҚҚ теологтары;

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-udr/press/news/details/1205729?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді