Бәйтерек ауданының әкімі М.Тоқжанов Егіндібұлақ, Зеленый, Шалғай және Атамекен ауылдық округтерінде тұрғындармен есеп беру кездесулерін өткізді.
Кездесу барысында аудан әкімі ауданда атқарылған жұмыстардың нәтижелері мен алдағы кезеңге жоспарланған негізгі міндеттерді таныстырып, әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарына жан-жақты тоқталды.
Ашық диалог форматында өткен жиында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, тиісті сала өкілдерінен нақты жауаптар алды. Көтерілген мәселелер қатарында жер қатынастары, тұрғын үймен қамтамасыз ету, жол инфрақұрылымы, әлеуметтік қолдау және басқа да өзекті бағыттар қамтылды.
Әрбір өтініш пен ұсыныс мұқият қаралып, заңнама аясында түсіндірмелер берілді. Сонымен қатар, көтерілген мәселелерді жүйелі түрде шешу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетіні атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-baiterek/press/news/details/1205083?lang=kk

Жауап қалдыру