17 сәуір күні Бәйтерек ауданының әкімі М. Тоқжанов Янайкин, Көшім және Щапов ауылдық округтерінде тұрғындармен жүздесіп, ашық форматта кездесу өткізді.
Жиын барысында ауданның даму көрсеткіштері сараланып, жүзеге асырылып жатқан жобалар мен алдағы міндеттер кеңінен таныстырылды. Әсіресе, әлеуметтік және инфрақұрылымдық бағыттағы жұмыстарға басымдық беріліп отырғаны атап өтілді.
Кездесу барысында тұрғындар өзекті мәселелерін ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Әрбір сұрақ назардан тыс қалмай, тиісті сала мамандары тарапынан нақты түсіндірмелер берілді.
Тұрғындар көтерген мәселелер мен ұсыныстар жүйелі түрде қарастырылып, олардың шешілуі кезең-кезеңімен жүзеге асырылатыны жеткізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-baiterek/press/news/details/1205090?lang=kk

Жауап қалдыру