БӘЙТЕРЕК АУДАНЫНДА «БАЛДӘУРЕН» БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
2026 жыл – цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Бәйтерек ауданының мәдени-демалыс орталығының ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде «Балдәурен» аудандық балалар шығармашылығы фестивалі өтті.
Өнерлі бүлдіршіндердің басын қосқан мазмұнды шараның ашылу салтанаты ерекше форматта ұйымдастырылды. Сахна төрінде роботтардың өнер көрсетуі арқылы болашақтың цифрлық дәуірі көркем түрде бейнеленіп, көрерменге тың әсер сыйлады. Фестивальдің ашылуында аудан әкімінің орынбасары Е. Галиев сөз сөйлеп, жас таланттарға сәттілік тілеп, олардың шығармашылық ізденістеріне қолдау білдірді.
Фестивальдің ашылуында аудан әкімінің орынбасары Е. Галиев сөз сөйлеп, жас таланттарға сәттілік тілеп, олардың шығармашылық ізденістеріне қолдау білдірді.
Өнерпаздардың шеберлігін танымал мамандардан құралған қазылар алқасы бағалады.
Байқау қорытындысы бойынша үздік деп танылған өнерпаздар облыстық «Балдәурен» балалар шығармашылығы фестивалінде аудан намысын қорғайтын болады.
Жеңімпаздар:🔹 Домбырамен ән салу:І орын – Ернұр Зинолла (Байқоныс)ІІ орын – Ақнұр Батыркерей (Дариян)🔹 Хореография:
І орын – «Нұр-ай» ансамблі (Үлкен Шаған)ІІ орын – «Аллегро» ансамблі (Январцев)ІІІ орын – «Айкөркем» би тобы🔹 Халықтық музыка (домбыра): І орын – Каусар Борисова (Дариян)
ІІ орын – Жанель Кунакбаева, ІІІ орын – Бек Шайхолла🔹 Халықтық музыка (аккордеон):І орын – Егор Мизинов (Переметный)ІІ орын – Искандер Никитин, ІІІ орын – Максим Лэйс 🔹 Эстрадалық вокал: ІІ орын – Румина Саматова, Нұрайым Серік (Дариян)ІІІ орын – «Айналайын» тобы(Байқоныс)🔹 Көркем сөз:І орын – Әсия Бекболат ІІ орын – Әдемі Сырымқызы ІІІ орын – Асылзада Шаймардан
Ауқымды мәдени шараның жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсеткен Бәйтерек аудандық ішкі саясат бөліміне ұйымдастырушылар мен қатысушылар ерекше алғысын білдіреді.
Жас дарындардың өнерге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға бағытталған мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады. Облыстық кезеңге жолдама алған өнерпаздарға сәттілік тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-baiterek/press/news/details/1205086?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді